ЕҢБЕК ЕРДІ ЕЛГЕ ТАНЫТАДЫ
Расында да, Елбасы айтқанындай, тәуелсіздікті алу бар да, оны сақтау бар. Бұл — өте қиын нәрсе. Егемендігін жариялағанмен, есесін жіберіп жатқан мемлекеттер аз ба? Халқы тоз-тоз болып безіп жүрген, ішкі де, сыртқы да саяси ахуалы әбден асқынған елдер кездеседі. Демек, тәуелсіздігін сақтау үшін әр мемлекетке өзге де қажеттіліктермен бірге мықты экономика керек. Ал, ол еңбексіз қалай қалыптасады?
Елбасы таңдаған он жоғары оқу орны қатарында Атырау мұнай-газ институты да болуы қуанышты. Байырғы білім ордасының екінші тынысы ашылғалы отыр. Осында дәріс алған мамандар шын мәнінде сұранысқа ие болады. Мемлекет басшысы айтқанындай, жастар жұмысшы мамандығынан қашпауы қажет. Олар өмірдің алғашқы баспалдағынан осылай өтуі шарт. Ал, адал еңбек ерді елге танытады.
Тілекқабыл ҚАБДОЛОВ,
облыстық кәсіподақтар федерациясы төрағасы.