Дүрбелең туғызбайық!

Ресейдегі жағдайға бола дүрлігудің қажеті жоқ деп ойлаймын.

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев та алаңдауға негіз жоғын айтқан болатын.

«Ресейліктер аз мөлшерде келіп, тұруға ықтиярхат сұрай алады. Ресейліктер келіп, кейін кеткісі келсе, біраз уақыт осында қандай да бір іспен айналысқысы келсе, ешқандай сұрақ туындамауы керек, біз шектеу қоя алмаймыз» деді ол.

Ол барлық көші-қон мәселесі тиісті заң бойынша реттелетінін баса айтты. Бұл да дүрбелең туғызудың қажеті жоқ екенін аңғартып отыр.

 «Азамат Қазақстанның мемлекеттік органдарына келіп, тұруға ықтиярхат сұраса, онда дайындауы тиіс құжаттар тізімі бар. Бұл құжаттардың ішінде ол адам келген мемлекеттің келісімі туралы тармақ бар. Бұл біздің заңдарда анық жазылған. Мемлекет азаматқа кетуге рұқсат бермей, бірақ ол бір амалын тауып келсе, Қазақстан оған тұруға ықтиярхат бере алмайды. Келісім – бұл кету парағы, оған қол қойылған болуы қажет және мөрлері болуы керек» деді Сенат төрағасы.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі таратқан ресми ақпаратта да жағдайдың қатаң бақылауда екені айтылған. Ең бастысы, тек ресми, яғни, тексерілген ақпаратқа ғана сүйену керек деп ойлаймын. Осы орайда, арандату фактілері байқалған жағдайда, сабыр сақтап, бірден құқық қорғау қызметкерлеріне хабарласқан жөн-ақ.

Толыбай ШАКИРОВ,

Ауған соғысының ардагері

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз