«LESSON STUDY» – тиімді тәсіл

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының педагогикалық шеберлік орталығында оқытылған бірінші деңгейлі бағдарламасы мектептерге енгізіліп, оң нәтиже беруде. 
«Lesson Study» деп аталатын оқу әдісі мұғалімдер тәжірибесіндегі білімді жетілдіруге, толықтыруға бағытталған тәсіл, іс - әрекеттегі сыныпты зерттеудің айналымы. ХІХ ғасырдың 70 жылдарында Жапонияда бастау алып, Батыс елдерінде қолдау тапқан бұл әдіс бүгінде әлемнің бірқатар елдерінде мұғалімдердің тәжірибесін дамытуда жоғары жетістіктер көрсетуде. Оны меңгерген ұстаздар аймақтағы ауыл мектептеріне де енгізіп, өз тәжірибелеріне қолдануда.

Махамбет ауданына қарасты Ақтоғай орта мектебінде педагогикалық шеберлік орталығында бірінші ілгері деңгейден өтуші математика пәнінің мұғалімі Орынша Шолақова мектептегі тәжірибе кезеңінде ұйымдастырған «Lesson Study» әдісі тиімді қолданылды. Тәлімгерлік етуші Орынша Шыныбекқызы «Lesson Study» тәсіліне таныстырылым жасап, мұғалім Ажар Әжікенованың тәлімгерлігімен бір топ мұғалімдер бірлесіп оқушылардың оқу үдерісін зерделеді. Бұл зерттеу жұмысына сабақты бірлесе жоспарлап, өткізетін, қадағалайтын, бақылайтын, оқыту мен оқуды талдай отырып, өз қорытындыларын жасап, бағалайтын мұғалімдер қатысты. Циклді өткізу кезінде ұстаздар оқыту тәжірибесіне жаңа әдістер енгізді және оны өзгертіп жетілдірді. Орынша Шыныбекқызы мектептің жағдайы туралы жүргізген зерттеу жұмыстарының қорытындысында мектептің оқу үрдісіндегі қазіргі ахуалын анықтады. 
Ол оқыту мен оқу үрдісінде сын тұрғысынан ойлау әдісінің түрлерін қолданып, оқушылардың белсенділігін арттыру болды. Мұғалімдер сын тұрғысынан ойлау әдістерінің көптеген түрлерін «Lesson Study» тәсілі арқылы өтетін сабақ үрдісінде қолдануды бірлесіп жоспарлап, сабақты өткізу барысында зерттелетін «бақылаудағы үш оқушыны» анықтап (оқу үлгерімінің деңгейі жоғары, орта, төмен) зерттеу жүргізілді.
Бұл цикл математика, география, физика пәндерінен сабақ өткізу арқылы жүзеге асырылды. Пән мұғалімдері Гүлмира Нұрышева, Оңаш Сағындықова, Сая Құмашева сабақ барысында бірінші деңгейлі бағдарламасындағы жеті модулдің біреуі сын тұрғысынан ойлау әдісінің түрлерін тиімді, жүйелі қолдана білді. Зерттеуші мұғалімдер бақылаудағы үш оқушыны назардан тыс қалдырмай, олардың сабақ үстіндегі белсенділіктерін, топтық жұмыс жасауын, өз ойын жүйелі айта білуін, білімді меңгеруін қадағалап, әрбір цикл нәтижесі талқыланып отырды.

Ағайша БЕРДІМҰРАТОВА,
Ақтоғай орта мектебінің психологы,
Махамбет ауданы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз