Атырауда қаржы саласының қызметкерлері марапатталды

img 20201216 wa0021 Қоғам

Тәуелсіздік мерекесінің құрметіне қаржыгерлерге марапаттарды Атырау облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы ​ Азамат Сәлімбаев табыс етті.

Нәтижелі еңбегі үшін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Қаржы қызметінің үздігі» атты төс белгісі қаржыгерлер Рафик Абуов пен Гүлдана Есенғалиеваға табыс етілді.

Сондай ақ, қаржы саласының мамандары Айнұр Рысбайқызы мен Назгүл Ризуанова Атырау облысы мәслихаты хатшысының «Алғыс хатымен» марапатталды.

«Еліміздің дамуы үшін маңызды шешімдердің жүзеге асырылуы – қарапайым жұмысшының ерен еңбегінің нәтижесі. Еңбек адамының денсаулығы мен сапалы білімі, біліктілігі мен тәжірибесі – елiмiздiң баға жетпес негізгі байлығы. Себебі, Тәуелсіздігімізді тұғырлы ету жолында қарапайым жұмысшылар еңбек етіп келеді» дейді Атырау облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы​ Азамат Сәлімбаев.

img 20201216 wa0023
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз