БЕЙБАРЫС ЖӘНЕ ОНЫҢ РУХАНИ МҰРАСЫ ТУРАЛЫ
Ол маған Бейбарыс туралы өзінің кітабын сыйға тартты, өкінішке орай, орыс тілін білмегендіктен, оны әлі оқыған жоқпын, алайда біз оны міндетті түрде араб тіліне аударатын боламыз. Автордың негізгі ұстанымдары мен негіздеме принциптері сол ауызша сұхбаттасулар арқылы маған қазірден-ақ белгілі, жұртшылыққа кеңінен хабардар етуге және әлемнің көптеген тілдеріне аударылып басылып шығуға лайықты деп ойлаймын. Бекет Қарашин зерттеуші, ойшыл және тарихшы ретінде маған терең әсер қалдырды. Оның әңгімелерінен көптеген мәселелерді өзім үшін теріп, ойымды жинақтап алдым, мысалы, қыпшақтардың ежелгі тарихы, олардың ру-тайпалық құрылымы, оғыздар, беріштер, қазақтың шеркеш руы және басқа да мәмлүктер тарихымен байланысы бар мәліметтерге қанықтым. Бекетпен сұхбаттасып әңгіме-дүкен құрудың жасаған ықпалы мен нәтижелері бойынша өзім қазір Бейбарыстың үзеңгілес серіктері мен достары және қанаттастары мен жақтастары туралы кітап жазып жатырмын.
Өкінішке қарай, автормен және оның Бейбарыс туралы кітабымен біздегі мысыртанушылар, тарихшылар, өнер қайраткерлері таныс емес. Соның салдарынан, Бейбарыс туралы 30 бөлімді теледидарлық көркем фильмнің 6-шы бөлімін Алматы қаласына жақын маңда түсіргенде, оған біздің продюссерлер мен режиссерлер хабарласпаған. Бұл өте өкінішті, фильм Бекет Қарашин кеңесші ретінде бере алатын тарихи мәліметтер мен деректер арқылы толыға түскен болар еді. Олар Египетте де солай істеді, мысырлық тарихшылармен, мәмлүктанушылармен, менімен ешбір ақылдасулар, кеңестер өткізбестен, тарихи қателіктер мен олқылықтар орын алған, тіпті кейде нақтылы тарихи шындықтан аулақ жатқан сценарий жазып шығарды, онда авторлардың ойдан шығарылған қиялдары шынайы деректер мен тарихи оқиғалардан басым түсіп жатады.
Хусейнен МУХАММЕД АР-РАБИА,