БҰҚАРАНЫҢ БАЙЫПТЫ БАСЫЛЫМЫ

Өз басым бүгінде қаптаған газет-журналдардың ішінен облыстық «Атырау» газетін бір нөмірін жібермей оқимын, бейне жан серігімдей, сырласымдай болып кеткенін бөле-жара атап айтар едім. Өйткені, әр оқиғаға байыппен қарап, жан-жақты саралап беретін басылымның салиқалы бет-бағдары ұнайды.

Әсіресе, газет бетінде діни тақырыпта орнықты пікірлер қозғаған мақалалар жиі жарияланып жүр. Жастардың адасуына жол бермейтін, имандылыққа үндейтін «Иман», «Теолог бұрышы» арнайы айдарлары көңілімнен шығады. Сондай-ақ, ел ішіне шығып, ауылдардың ахуалын көрсетуге ұмтылған «Атамекен» экспедициясының өзі неге тұрады?!

Өнер адамы болғандықтан, маған «Атыраудың» мәдениет мәселелеріне, салт-дәстүрлерімізді насихаттауға баса көңіл бөлетіні, сонымен қатар, халық арасындағы өнерпаздарды іздеп табуға, көпшілікке танытуға ден қоятыны ерекше тәнті етеді. Шынайы халықтық басылым деп санайтыным да сондықтан. Осы бағытыңнан таймай, бұқараның байыпты газеті бола бер, «Атырауым»!

Гүлмайдан СҮНДЕТОВА, әнші, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, Исатай ауданының Құрметті азаматы.

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз