53781341 649304795504190 4776306896497803264 o

КӘСІПКЕРДІҢ КӨПБАЛАЛЫ ЖАНҰЯҒА ЖАСАҒАН ЖАҚСЫЛЫҒЫ КӨПКЕ ҮЛГІ БОЛДЫ (+ФОТО)

Адамгершілік айнасы Жаңалықтар Қоғам

Atr.kz/14 наурыз, 2019 жыл. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов аз қамтылған отбасыларына жаңа үйдің кілттерін табыс ету рәсіміне қатысты.

Жанұяның анасы Ақмарал Қадырова жақында «Күміс алқа» төсбелгісімен марапатталды. Отбасының алты баласы бар, жетіншісін күтуде. Ұзақ уақыт бойы отағасы жұмысқа орналаса алмаған. Ескі үйде жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Жергілікті кәсіпкер, аудандық мәслихаттың депутаты Алмас Аманбаев Тұщықұдық ауылының тұрғынынан үй сатып алып, оны көпбалалы отбасына сыйлады.

  • Мен мұны бұрыннан ойлап жүргенмін, бірақ ыңғайлы сәт болмады. Бір отбасына болса да көмектескеніме қуаныштымын, – дейді кәсіпкер.
53734512 649304832170853 5881670279775649792 o

Елжан Біртанов кәсіпкерге алғысын білдіріп, мұндай бастамалардың жалғасын табатынына сенім білдірді.

– Елбасы өткен сьезде мемлекет бір адам емес, барлық қазақстандықтар. Сондықтан біз осындай шараларды қолдаймыз, өздерін ғана емес, жалпы қоғамды да ойлайтын адамдары бар ел, бай болары сөзсіз, – деді министр.

53654641 649304718837531 3602448173647265792 o

Исатай ауданының әкімі Марат Мурзиевтің айтуынша, өңірде кәсіпкерлердің бастамасымен көптеген қайырымдылық шаралар атқарылған.

– Ауданымызда кәсіпкердің қолдауымен баспанаға ие болып отырған алғашқы отбасы. Мұндай қайырымдылық шаралары алдағы уақытта да өз жалғасын табады деген сенімдемін. Себебі, жылдан-жылға кәсіпкерлердің саны артып, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға материалдық көмек көрсетемін деушілердің қатары көбейіп келеді, – деді аудан басшысы.

Азамат САНСЫЗБАЙҰЛЫ.

Жалпы ауданда күнкөріс есебінен төмен табыс табатын 140 отбасы бар. Қазіргі кезге дейін оларға кәсіпкерлердің қолдауымен азды-көпті көмектер көрсетілген.

53781342 649304845504185 6496391498400006144 o


Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған