Жарнама
Қоғам

БАТЫР ЕСІМІ ҰМЫТЫЛМАЙДЫ

Үлкен қантөгіспен, ерік-жігермен келген жеңістің біз үшін орны бөлек. Қаншама жас жігіт пен қыз, әке мен ана туған халқының амандығы мен бостандығы, бақыты мен болашағы жолында жан аямай күресті. Олар тым жас еді. Сонда да өздерінен кейінгілердің өмірінің салтанат құруын армандады, сол үшін жанын қиды. Осылайша сөйлеген Әліпқали Шамжанұлы Кеңес Одағының Батыры Александр Афанасьевтің бар болғаны 28 жас жасағанын, бірақ, артына өшпес ерлік қалдырып, оның кейінгі ұрпаққа үлгі болатынын қадап айтты.

Батыр есімі жазылған ескерткіш тақтайша көшенің №80 үйінің жанына қойылды. Көшенің ұзындығы 2400 метр екен. Атырау агротехникалық колледж директорының орынбасары Қанат Қабдоловтың айтуынша, аталған шараны өткізудің алдында колледж студенттері көшеге тазалық-көркейту жұмыстарын жүргізген. Алдағы уақытта да бұл жұмыс жалғасатын болады.

Ескерткіш тақтайшаны орналастыру құрметі қалалық соғыс және еңбек ардагерлері кеңесінің төрағасы Әліпқали Бекеш пен еңбек ардагері, осы көшенің байырғы тұрғыны Кәрім Жұмағалиевке жолданды.

 

Лиза СЕЙТІМОВА.

Суретті түсірген

Әнуар ӘБІЛҒАЗИЕВ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button