Балғын боксшылар жарады!
Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, Алматы қаласында өткен бокстан колледж және мектеп оқушыларының VІІІ жазғы спартакиадасында исатайлық Аян Қабидоллаев алтын медаль иеленіп қайтты.
Исатай балалар мен жасөспі-рімдер спорт мектебі тәрбиеленушілерінің жетістіктері мұнымен ғана шектелмейді. Олар Құрманғазы ауданының Ақкөл ауылында ұйымдастырылған 2003-2004 және 2005-2006 жылдары туған жасөспірімдер арасындағы бокстан ашық біріншілікте де топ жарды. Облыстың 70-тен астам балғын былғары қолғап шеберлері қа-тысқан байрақты бәсекеде 2003-2004 жылы туған жасөспірімдер арасында өнер көрсеткен Рахманрахим Жалғасбаев бірінші орынды қанжығаға байласа, Түсіп Дарын екінші жүлдеге ие болды.
Ал, 2005-2006 жылы туған боксшылар арасында бақтарын сынаған Ернұр Қуандықұлы мен Бисенбай Дастан ІІ орынға тұрақтап, 32 келіде Оңғарсын Ерсін мен 38 келі салмақта Әли Әміржанұлы үшінші орынға табан тіреді.
Р.ЖАЙҒАЛИҚЫЗЫ,Исатай ауданы.