Атырауда «Жастар қанатына» жаңа жетекші сайланды

20545489 2045749845654655 8778696076687265344 o Жаңалықтар

Бүгін Н.Жантөрин атындағы филормонияда «Жас Отан» Жастар қанаты Атырау қалалық бөлімшесінің кезекті конференциясы өтті. Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласынан туындайтын міндеттер туралы айтылған шарада «Жас Отан» ЖҚ Атырау қалалық бөлімшесінің жетекшісі болып Эльдар Абижанов тағайындалды.

20545489_2045749845654655_8778696076687265344_o

Атырау қаласында туып-өскен Эльдар – Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің түлегі. Әсіресе, спорт саласындағы жетістіктері көп белсенді жас бұған дейін «Тасқала жастар» ұйымының төрағасы болып қызмет атқарған. Ол конференция барысында өзіне сенім білдіріп, үміт артқан «жасотандықтарға» ризашылығын жеткізіп, бірлесе жұмыс жасайтынын айтты. Ал, бұрын осы лауазымда болған Дәурен Сейітқалиев жыл басынан бері атқарылған жұмыстарға есеп берді. Олардың қатарында наурыз айында ұйымдастырылған республикалық VII блогерлер құрылтайы мен еліміздегі алты облыс пен Ресейдің Астрахань жастарының басын қосқан «Saraysiq Upgrade 2017» деп аталатын өңірлік жастар форумы да бар.

Шара соңында қыркүйек айының 20-сы күні өтетін «Жас Отан» ЖҚ Атырау облыстық филиалының конференциясына делегаттар сайланды.

Мәлике МӘЛІК

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз