Атырауда Пайғамбар (с.ғ.с) өміріне арналған зияткерлік сайыс басталды (+ ФОТО)

img 20230128 wa0058 750x450 1 Қоғам

Абай орталығында өтіп жатқан зияткерлік сайыста 130 үміткер бақ сынасуда.

Атырауда «Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында алғашқы шаралар легі басталып кетті.

Атырау облысы дін істері басқармасы және Атырау облыстық орталық «Иманғали» мешітінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан сайыстың басты мақсаты – қоғамда рухани құндылықтарды дәріптеу.

«Қоғамның тұрақты болуы, жат қылықтардан арылу – шын мәнінде санаға байланысты. Мұндай зияткерлік сайыстар адамды рухани байытады» дейді Атырау облысы дін істері басқармасының басшысы Хайролла Көшқалиев.

Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы көркем мінез, даналықты Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с) өмірінен үлгі етуіміз керек екенін айтты.

«Бүгінгі шара мүфтият жариялаған «Ислам және ізгі қоғам» жылына арналып отыр. Күні кеше ғана Астанада өткен алқалы жиында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бздің халық алдындағы басты міндетіміз – жұртымызды жақсылыққа үндеп, жамандықтан тосу, ізгі қоғам құруға қадам жасау екенін айтқан еді.

Кемел адам, рухани бай адам деген керемет тіркестер – адам өз-өзін дамыту арқылы келетін дүниелер. Бұл ретте біз Пайғамбар (с.ғ.с) өмірін дәріптеу арқылы, қоғамға ізгілікті насихаттап отырмыз» дейді Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.

Еске сала кетсек, рухани сайыс сұрақ- жауап форматында өтуде. Бас жүлде – кіші қажылыққа жолдама.

Сайысқа Қажымұқан Мұңайтпасов мешітінің имамы Айтжан Абдиров, «Анашым» мешітінің имамы Айдын Серікбаев, «Әт-Тақуа» мешітінің имамы Қанағат Муслимов қазылық етуде.

img 20230128 wa0101
img 20230128 wa0072
img 20230128 wa0065
img 20230128 wa0062
img 20230128 wa0066
img 20230128 wa0116

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз