БАЙШОНАСТЫҢ БОЗБАЛАСЫ
Ол 1923 жылы Мақат ауданының Байшонас елді мекенінде дүниеге келді. Әкесінен ерте айырылып, шешесінің тәрбиесінде болған ол майданға кірмей тұрып, Уфа қаласындағы әскерилер училищесіне оқуға барады. Сонда алты ай оқып, әскери қызметтің қыр-сырын үйренеді. Оқуын бітіргесін майданға аттанып, Сталинград шайқасының үстінен түседі. Содан Курск ұрысына қатысып, әрі қарай майдан жолдары жалғаса береді.
Соғысқа бар болғаны 17 жасында кетіп, 24 жасында кіші лейтенант шенімен елге оралған әкеміз Гурьев политехникалық техникумына оқуға түседі. Сол кездегі ірі мекеменің бірі – жылу электр орталығында еңбек жолын бастап, кейіннен Құлсары мұнай өндіру кәсіпшілігінде жауапты қызметтерде істейді. Бірнеше жауынгерлік медальдармен және И.В.Сталиннің «Алғыс хатымен» марапатталған әкеміз тыл еңбеккері, жұбайы Жамал Өтеғалиева екеуі бір ұл, екі қыз тәрбиелеп өсірді. Бірақ, олардың қызығын көре алмай, 49 жасында өмірден озды. Біз, кейінгі ұрпақ, майдангер әке рухына бас иіп, тағзым етеміз.
Елена ТІЛЕКҚАБЫЛҚЫЗЫ, Құлсары қаласының тұрғыны.