Қамкөңіл жандарға қамқорлық

whatsapp image 2021 04 26 at 18.36.36 Қоғам

Рамазан – ізгілік пен игі істерге толы ай. Сондай шараның бірін «ССЕР»  компаниясы ұйымдастырып, Балықшы аймақтық мүгедектер қоғамының 100 мүшесіне азық-түлік сертификатын табыстады. Аталған  компания  облыстың әлеуметтік саласын дамытуға, қайырымдылық және демеушілік іс-шараларға белсенді атсалысып  келеді. Әсіресе, мұнда қызмет ететін Амин Мұштаха мен Ассым Ашур мырзалардың еңбегі өлшеусіз.

– «Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» дейді дана халқымыз. Ораза айында біздің компания басшылығы жақсылықпен жарысып, сауапты игі іс жасауды дәстүрге айналдырды. Көмекке мұқтаж адамдарды қанатының астына алып, қамқорлық танытады. Қамкөңіл жандарға қолдау көрсету – мемлекеттің басым бағыттарының бірі. Компания да оған өзіндік үлесін қосады, – деді «ССЕР» компаниясының атқарушы директоры Орақ Бисембиев.

Өз кезегінде сертификат алған мүмкіндігі шектеулі жандар Иван Ким мен Александр Дворецкий компанияның жаны жайсаң, жомарт өкілдеріне алғыс айтты.

Балықшы аймақтық мүгедек-тер қоғамының төрайымы Әмина Нысанғалиеваның айтуынша, мүшелікте 750 адам бар. Мүгедектер қоғамы баршасын қолдап, көмек көрсетуге ықпал етіп келеді.

Майра ОРАЗҒАЛИЕВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз