Жастар жылынан не күтесіз?

20151128142517 Жаңалықтар

Atr.kz/11 маусым, 2019 жыл. «Үш сауал» айдарының кезекті қонағы – Құрлық әскерлерінің әскери институтының 4 курс студенті, исатайлық Жайсаң ҚАНАТОВ.

– Әскери мамандық таңдауыңызға не түрткі болды?

– Мектеп бітіріп, мамандық таңдар сәтте де менің алдымда бірнеше таңдау болды. Әсіресе, ер-азаматқа мүмкіндік мол еді. Десек те, әр саланың өзіндік ерекшелігі мен қиындығы бар ғой, менің елімді, Отанымды қорғайтын офицер атанғым келді. Ал, бұл мамандықты таңдау үшін тыңғылықты дайындық қажет. Жан-жақты білімді болу керек. Сондықтан мен мектеп қабырғасынан-ақ дене шынықтырудан да, басқа пәндерден де жақсы баға алып, меңгеруге тырыстым. Еңбегім зая кетпеді. Менің басты мақсатым – туған жерімді, елімді қорғау.

iprarap

– Сіз білім алып жатқан жоғары оқу орнының басты ерекшелігі ретінде нені атап айтар едіңіз?

– Институт заманауи оқу-материалдық базамен, техникалық оқу құралдарымен қамтамасыз етілген. Оқу орнында физикалық тәрбиеге үлкен көңіл бөлінеді. Ең бастысы, мұнда әскерге қабілетті, елге қорған болатын мықты офицерлер дайындайды.

– «Жастар жылынан» не күтесіз?

– Жастар жылында әлеуметтік мәселелермен қатар әскери-патриоттық тәрбие жайына көбірек назар аударылса деймін. Өйткені, жас ұрпақтың бойында ұлтжандылық, ержүректілік қасиеттерді қ а л ы п т а с т ы р у ү ш і н балабақшадағы, мектептегі тәлімге де мән беру керек. Сондықтан, жас ұрпаққа өзіміздің ержүрек батырларымыз көбірек насихатталуы тиіс. Тәрбиелік шаралармен жаңа форматта өзіміздің ардагермайдангерлеріміздің е р л і г і н д ә р і п т е с е к ұтылмайтынымыз хақ.

Жазып алған:

Айбөпе САБЫРОВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз