Қоғам
АВТОБУСТА ҰЯТҚА ҚАЛҒАН ЖІГІТТІҢ ВИДЕОСЫ ТАЛҚЫҒА ТҮСТІ…
Әлеуметтік желіде автобуста анасындай адамға орын бермеген жас жігіттің видеосы көптің талқысына түсті
Бейнежазбада жігіт жанында тұрған егде жастағы әйелге орын бермейтінін айтып автобусты басына көтереді. «Орын бермеймін, үлкен кісілерді сыйламаймын, ал, не істейсіз?» дейді ол. Ал, анасындай адам оған: «Жап-жас боп алып, орын бермейтін не деген баласың?» деп ренжиді. Дауға орта жастағы азамат араласып, жігітті тәртіпке шақырмақ болады. Бұл бейнежазба қазақстандықтардың қызу талқысына түскен болатын.
Анықталғандай, видеоның жалғасы бар болып шықты. Онда әлгі жігіт мұның әлеуметтік эксперимент екенін айтады. Ал, үлкен кісіні сомдаған актриса екен.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ