ТЕРРОРИЗМДЕ ДІН БОЛМАЙДЫ

Елбасы әр Жолдауында елдің тұтастығы мен халықтардың бірлігін сақтау қажеттігін сан мәрте айтып келеді. Кешегі отандық жетекші телеарналардың өкілдерімен сұхбатында да бұған баса маңыз берген Мемлекет басшысы жұртшылықты алаңдатқан   терроризм мәселесін де назардан тыс қалдырмады.

 

Ал, терроризм, экстремизм деп аталып жүрген нәрсенің діни де, ұлттық та ешбір белгісі жоқ. Бұл жөнінде Елбасы: «Діни экстремизм мен терроризм деген мәселе ХХ ғасыр мен ХХI ғасырдың басында шықты. «Ислам мемлекетіне» қазір еуропалықтар – ағылшындар, француздар барып жатыр. Онда Орталық Азия, Түркия, өзге де мемлекеттердің азаматтары бар. Әлдебір қағидаттарға сай біріккен ол адамдар ақша үшін жұмыс істеуде. Мен терроризмді исламға телитін көзқарасты қолдамаймын. Құранда «Бір жазықсыз адамды өлтірсең, бүкіл адамзатты өлтіргенмен бірдей» деген сөз бар. Сондықтан, терроризмді жалпы адамзаттың жауы деп санау керек» дейді өз сөзінде.

Ал, біз сонау ата-бабаларымыз арман еткен, бүгін біздің қолымызға қонған бағымыз – Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтап, келешекке аманаттауымыз керек. Бұл ретте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың айтқанындай,  ешқандай болашағы жоқ ағымнан, жаман пиғылдан аулақ болуымыз керек. Халықты, соның ішінде, өскелең ұрпақты ислам дінінің негізін дұрыс түсінуге баулу керек.

Батыржан МАНСҰРОВ,

ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі,

«Иманғали» мешітінің 

Бас имамы.

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз