Атыраудан – Қостанайға: гуманитарлық көмектің екінші легі жөнелтілді (+ФОТО)

305634323 5509010172485860 5769375987242395741 n Қоғам

Атыраудан Қостанайға гуманитарлық көмектің екінші легі жөнелтілді.

Атыраулықтар дала өртінен зардап шеккен Қостанай облысына тағы да 50 тоннаға жуық гуманитарлық көмекті жөнелтті. Қажетті азық-түлік, киім-кешек пен үй жиһаздары тиелген жүк көліктері бүгін таңда Қостанай облысына бет алды, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

⁃ Қостанай облысындағы қайғылы жағдайға Атырау жұрты бей-жай қарамай, жанашырлығын танытып, қол ұшын созуда. Бұл бірлігімізді білдірткен үлкен іс болды. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) «Бір мұсылман баласы көмекке мұқтаж болған сәтте оның қажетін өтесе, Алла сенің екі өмірдегі қажетіңді өтейді» деген хадис бар. Атыраулықтар осы хадиске амал етіп, сындарлы сәтте қостанайлықтарға үлкен көмек көрсетуде. Мұндай кезеңде бәріміз бір жұмылсақ, сынақты бірге еңсеретініміз сөзсіз, – деді «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.

Жексенбі күні басталған қайырылымдылық шараға еріктілер тобы, студенттер, қоғам белсенділері, қала, аудан тұрғындары мен меценаттар, кәсіпкерлер қатысып жылу жинауда белсенділік танытты.

⁃ Табиғи апаттың орын алғаны туралы хабар жеткенде бір орында отыра алмадық. Біз де сауапты істен құр қалмас үшін белсенділерді жинап, бірлесіп, көмек ұйымдастырдық. Үш күннен бері тұрғындар белгіленген жерлерге заттай не ақшалай көмегін әкелуде. Еріктілер уақытпен санаспай, соның бәрін қабылдап, іріктеп, көлікке тиеп жөнелттік. Бір жағадан бас шығарған облыс тұрғындарына алғысым шексіз, – деді ерікті Мира Есниязова.

Бұған дейін жексенбі күні Атырау облысынан Қостанай облысына 30 тонна гуманитарлық көмек жіберілді.

305626392 5509010175819193 8140756936802536302 n 2
305646158 5509010159152528 7379477042003019837 n 2
305662474 5509010155819195 9196004618285716454 n 2
305654715 5509010169152527 4514135625631373705 n 1
305761734 5509010162485861 4187231315409359924 n 2
305795391 5509010165819194 3284180031948594659 n 2
305793315 5509010185819192 1558461373349772203 n 2
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз