Жарнама
Қоғам

АТЫРАУДА ЖУРНАЛИСТІ ҮЙІНІҢ ҚАСЫНДА ТЕУІП ТАСТАҒАН

19 шілде күні Атырауда «Дорожный контроль» ақпараттық порталының тілшісі Олеся Вертинскаяны өз үйінің қасында ұрып-соққан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол үйден шыққан кезде оған бейтаныс жігіт жақындап, көмек сұрап, кейін бетінен қатты ұрған.

«Әйел соққыдан құлап қалған. Сол кезде шабуылдаушы оны тепкілей бастаған. Журналисті өтіп бара жатқан адам құтқарып қалған, ал оның ұлы жедел жәрдем шақырған. Компьютерлік томографияда журналистің мұрны сынғаны және ығысқаны анықталды» дейді «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қорының өкілдері.

Олеся Вертинская полицияға арызданған. Атырау облысының полиция департаменті аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын хабарлады.

16 шілдеде журналиске белгісіз нөмірден хабарлама келіп, оған белгілі бір ЖШС мен оның иесінен абай болуды қатаң ескерткен. Сол күні әйел прокуратураға қорқыта бастағаны туралы арыз жазып, өміріне қауіп төнгенін айтқан. 13 шілдеде Вертинскаяға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі, 667-бап бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Кейін журналист прокуратураға арыз жазып, прокуратура істі жойды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button