Ақ тілек, пәк сезіммен…

img 20221003 wa0003 Қоғам

Қадірлі де құрметті кіндік атам Аболов Қайрат Амангелдіұлы және сүйікті кіндік анам, ұлағатты ұстаз Қазиева Нұргүл Рысмұханқызы!

Біріңізді жарық дүние есігін ашқан атаулы күнмен, біріңізді мерейлі ұстаздар мерекесімен шын жүрегімнен құттықтаймын. Айналаңызға амандық, басты байлық – денсаулық, молшылық пен тоқшылық, жер бетіндегі бар жақсылықты тілеймін!

Немере мен шөберенің қызығына тоймаған ақсақалды ата мен ақжаулықты әже атанар жасқа аман жетіңіз демекпін. Көлеңкелі күндеріңізден шуақты шақтарыңыз бен сәулелі сәттеріңіз көбірек болғай. Бес-ақ әріптен құралған «бақыт» деген сөздің ішіне не сыйса, соның бәрін Сіздерге бұйырсын. Бақыттың базарында, Алланың назарында болғайсыздар!

Құтты болсын келіп жеткен жасыңыз,

Армандарға жаңа қадам басыңыз.

Шаңырақтың шаттығына шомылып,

Жүз жасаған Жамбылдан да асыңыз!

***

Адамзаттың ұлы ұстазы болыңыз,

Шәкірттердің алғысына толыңыз.

«Жалықпаңыз үйретуден балаға»,

Әрдайым да ашық болсын жолыңыз!

Ізгі тілекпен: кіндік балаңыз Әділет

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз