Жарнама
Қоғам

АТЫРАУДА ШҰҒЫЛ ВАКЦИНАЦИЯ БАСТАЛДЫ!

Атырауда Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті республикалық қордан жоғары патогенді құс тұмауының қауіп төндіретін аймақтарында барлық құс басын вакцинациялауға 6 291 доза вакцина бөлді және 12 маман жұмылдырылды.

Бұл туралы Ветеринарлық бақылау комитеті мәлімдеді. Жалпы республика аумағында 2022 жылы үй құстарының арасында жоғары патогенді құс тұмауына қарсы 16 370 180 басқа егу жоспарланған. 6 айда 6 028 810 бас егілді.

Айта кетелік, өткен айда Каспий теңізінде шамамен 78 км қашықтықта DS-04, DS-01 жасанды аралдар ауданында 1 мыңнан астам шағаланың өлекселері табылды. Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталықта өлген құсқа зертханалық зерттеулер жүргізілді, оның нәтижелері бойынша екі құстан іріктелген сынамаларда құс тұмауының вирусы анықталды. Осы сынамалар диагнозды қайта растау үшін ХЭБ (Ұлыбритания) референттік зертханасына жіберілді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button