Атырауда ұрланған малды сатқандар ұсталды

img 20210226 wa0053 Жаңалықтар

«Мал ұрысы» жедел профилактикалық іс-шарасы кезінде 18 адам есепке алынды» деп хабарлайды Atr.kz

Профилактикалық іс-шара кезінде елді мекендерден шығар жерлерде 14 бекет, автокөлік жолдарына 35 тосқауыл қойылған.    

Заңсыз мал союмен айналысқан – 5, ұрланған малды сатқан – 2, ұрланған ет өнімін сатушы – 1 және малды заңсыз тасымалдаушы – 10 адам  есепке алынды.

Ақпан айының 23-25 аралығында өткен «Мал ұрысы» жедел профилактикалық іс шарасы кезінде мал және ет өнімдерін тасымалдайтын автокөліктер мен ет өнімдерін сататын базарлар тексерілген.

«10 топ құрылып, мал және ет өнімдерін тасымалдайтын 305 автокөлік,  мал және ет өнімдерін сататын 146 орын мен 452 шаруа қожалықтары тексерілді.     Нәтижесінде құжатсыз тасымалдаудың 19, мал мен ет өнімдерін құжатсыз сатудың 6 фактісі анықталып, 25 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды» – деді Атырау облысы полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев.   

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз