Жарнама
Қоғам

Атырауда дәстүрлі «Мейірім жәрмеңкесі» өтті

Атырау қаласындағы Достық үйінде Атырау облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының «Довира» украин этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен дәстүрлі «Мейірім жәрмеңкесі» өтті. Ізгілікке негізделген іс-шараға белгілі кәсіпкер, қоғам белсендісі Елена Жидкова қолдау білдіріп, серіктестік танытты.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, қайырымдылық акциясы аясында көмекке мұқтаж жандарға 250 жұп әйелдер аяқкиімі таратылған.

– Бизнес өкілдері мұндай әлеуметтік шараларға белсенді атсалысуы қажет деп есептейміз. Бұл тек киім-кешек тарату емес, адамдарға мейірім мен үміт сыйлаудың шынайы көрінісі. Осындай акциялар өзгелерге де үлгі болып, игі істерге шабыт беретініне сенеміз, — дейді «Довира» этномәдени бірлестігінің төрағасы Виктория Синицына.

Айта кетейік, «Довира» этномәдени бірлестігі өңірдегі мәдени-көпшілік және қайырымдылық жұмыстарына белсенді қатысып келеді.

Ботагөз ИСАТАЙ,

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті «Филология» мамандығының IV курс студенті

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button