Snimok 23

Атырауда 15 жастағы оқушы қыз 40 жастағы азаматпен телефон арқылы некелескен

Қоғам

Atr. kz / 13 – ақпан.  Атырауда оқушы қыз 40 жастағы азаматпен телефон арқылы некелескен. Ересек адамның арбауына түскен қыздың әрекетінен ата-анасы хабарсыз деп жазады «Өз ойым» бағдарламасына сілтеме жасаған jasqazaq.kz.

Snimok 23

15 жастағы оқушының сөзіне қарағанда, ер адам жасөспірім қызды «неке» жөнінде  жақындарына айтпауға көндірген. «Маған ол ата-ананың рұқсат болуы, куәгер болуы қажет еместігін айтты. Сөйтіп анама айтпай, некемді қидырдым. Ешкімнің сөзіне құлақ асқан жоқпын. Кейінірек сабаққа баруды да доғардым. Есімнің бәрі сол адамда болды», — дейді көз жасына ерік берген Назира.

Қыздың қызығы басылғанда, 40 жастағы ер адамның Нәзираны телефон арқылы талақ айтып тастап кеткені бағдарлама барысында белгілі болды.

Бұл ақпаратты естіген Астана қаласындағы Ырыскелді қажы мешітінің наиб-имамы Естай Әбдіғалиев неке қиюдың шарттарын көпшілікке түсіндіре кетті. «Неке қию шарттары бар. Оны барлық имамдар уағыздарында түсіндіреді. Неке қиюдың ең маңыздысы «халыққа жариялау». Яғни, куәгерлер керек. Қазір ҚМБД тарапынан жас жұбайлардың ата-аналары, туған-туыс, бауырлары болуы керектігі айтылады», — деп сөзін түйіндеді наиб-имам.

1 thought on “Атырауда 15 жастағы оқушы қыз 40 жастағы азаматпен телефон арқылы некелескен

  1. Осы «Атырау» газеті соңғы кезде діни мақаланы көп береді. Газет журналистері намаз оқитын діншілдер ма, әлде газет діни бағытты ұстанады ма.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған