Жарнама
Қоғам

Атырауда 104 жастағы Батыр ана тұрады

Қала әкімі Мейірім Қалауи мен қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кеңес Қосыбаев 104 жастағы ақжаулықты ана Балзиба Закарияқызының шаңырағына барып, ақ батасын алды.

Ғасыр куәсі болған ақжаулықты батыр ана Балзиба Закарияқызы жастайынан еңбек етіп, ұрпақ өсіріп, бүгінде тек бір әулеттің емес, бір рулы елдің асыл анасы атанып отыр. Тұтас әулеттің мәуелі бәйтерегі 11 баланы дүниеге әкеліп, ондаған немере-жиен мен шөбересіне тәлім-тағылымын үйретіп, өмір жолын өнеге етіп келеді. Қала басшысы бүгінгі жарқын жетістіктер кешегі аға буынның, қазыналы қарттарымыздың еселі еңбегінің жемісі екенін айтып, осындай аналарымыздың өнегеге толы өмір жолы жас ұрпаққа қашанда үлгі екенін айтты. Өз кезегінде ақ жаулықты ана шаһар басшысына ақ батасын беріп, ел дамуына бағытталған әр игі іске тілекші екенін жеткізіп, қызметіне табыс тіледі.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button