БІРЛІГІМІЗДІ БЕКІТЕ ТҮСЕР БАСТАМА

Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелері республикамызда келер жылға белгіленген Президенттік сайлауды мерзімінен бұрын, яғни, биылдан қалдырмай өткізу жөнінде бастама көтерді.

Мемлекет басшысы еліміздің кемел келешегіне, орнықты өркендеп дамуына бағытталған стратегиялық бағдарламалардың барлығына дерлік өзі бастамашы болып келе жатқанын халқымыз жақсы біледі. Олай болса, сол сәтімен басталған істерді соңына дейін жеткізіп, тиянақтау міндетін де Елбасының өзіне тапсырған дұрыс деп есептеймін. Сол арқылы біз елдегі тұрақтылық пен бірлікті нығайта, бекіте түсеріміз күмәнсіз. Ал, оның қазіргідей алмағайып заманда 100-ден астам этнос өмір сүріп жатқан, 20-ға тарта конфессиясы бар көпұлтты мемлекетіміз үшін аса қажетті де маңызды фактор саналатындығы даусыз.

Сайып келгенде, небір қиын кезеңдерден, тұйыққа тірелген тығырықтардан халқын аман-есен алып. осы күнге жеткізген де тәуелсіз Қазақ елінің тұңғыш Елбасы екенін бәріміз мойындаймыз. Тұғырымыз мықты болса, алға қарай да осы бағытымыздан таймайтынымызға нық сенімдімін. Сондықтан да, Президент сайлауын бір жыл ілгері өткізу туралы бастаманы толығымен қостаймын.

Александр ДУМЛЕР,

«Видергебурт» неміс этномәдени

бірлестігінің төрағасы,

Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз