Жарнама
Қоғам

Атырау облыстық әкімдігінде – жаңа тағайындау

Бүгін облыс әкімі аппараты басшының бұйрығымен облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары лауазымына Серік Әміров тағайындалды, деп хабарлайды atr.kz тілшісі.

Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі мәлім етті. Жаңа басшыны ұжымға аппарат басшысы Нұрлыбек Жеңісбекұлы таныстырып, абыройлы қызмет тіледі.

Серік Әміров 1979 жылы Атырау облысында дүниеге келген. Д.И.Курский атындағы Саратов мемлекеттік құқық академиясын «заңгер» мамандығы бойынша тәмәмдаған.

Еңбек жолын 2001 жылы Ақтөбе қалалық прокуратурасының бөлімдерінде прокурор қызметінен бастаған. 2004 жылдан Атырау облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің меңгерушісі, 2005 жылы Маңғыстау облысы прокуратурасының басқармаларында прокурор, аға прокурор қызметтерінде болды.

02.2012 — 03.2016 жылдар аралығында Ақтау қаласы прокурорының орынбасары; 03.2016 — 12.2022 жылдар аралығында Маңғыстау облысы прокурорының аға көмекшісі, қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының басшысы; 07.2021 жылдан бастап тағайындалғанға дейін Маңғыстау облыстық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары қызметінде болды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button