Еңбегі жанған арулар

vospevaia zhenщinu Қоғам

АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ІСКЕР ӘЙЕЛДЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН «ЕҢБЕГІ ЖАНҒАН АРУЛАР» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ ӘЙЕЛДЕР ФОРУМЫ ӨТТІ. ШАРА ӨҢІРДІҢ ІСКЕР ӘРІ ІСМЕР АНАЛАРЫНЫҢ ҚОЛЫНАН ШЫҚҚАН ТУЫНДЫЛАРЫНЫҢ КӨРМЕСІМЕН БАСТАЛДЫ.

Іскер әйелдер қауымдастығы елде әйелдер кәсіпкерлігіне толықтай қолдау көрсету және дамыту үшін, саясаткерлер, ғалымдар, білім беру және денсаулық сақтау, бизнес пен үкіметтік емес ұйымдар қызметкерлерінің қатарынан табысты әйелдердің әлеуетін нығайту мақсатында құрылып, нәтижелі қызмет атқарып келеді.

Қазір қоғамда қалыптасқан гендерлік саясаттың жаңа еуразиялық моделі бағытында қауымдастық Атырау облысы әкімінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиямен бірлесіп жұмыс жасайды. Салтанатты шараға қатысушыларды Атырау облысы әкімі аппаратының басшысы Болат Исақов құттықтап, қоғамдағы қыз-келіншектердің роліне ерекше тоқталып өтті. Форумның басты қонағы, Қазақстан Республикасы Іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Раушан Сәрсембаева қауымдастықтың тәуелсіздік алған жылдары атқарған орасан зор істерді таныстырып, ұйымның қамқорлығымен қанат жайып, кәсібін қарыштап дамытқан, үй шаруасындағы әйелден бизнес ледиге айналған, ел тарихында есімі қалып, еңбегі жанған аруларды ардақтады.

vospevaia zhenщinu3

Іс-шара аясында Атырау облысы Іскер әйелдер қауымдастығы қатарында өңірдің қоғамдық-саяси, әдебитанымдық, мәдени-көпшілік шараларына белсене араласып, түрлі қайырымдылық істердің ұйытқысы болып, отбасылықгендерлік саясатты жүзеге асыру және еңбек нарығында әйелдердiң бәсекеге қабiлеттiлігiн арттыруға үлес қосып жүрген бір топ нәзікжандылар республикалық Іскер әйелдер қауымдастығының президенті және Атырау облысы әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды.

Форумның «Іскер әйелдер қауымдастығы – әйелдердiң бәсекеге қабiлеттiлігiн дамытудың үлгісі» атты сессиясында әр салада тыңнан кәсіп бастап, облысқа танылған кәсіпкер қызкеліншектер өздерінің өмірлік сабақтарымен бөлісті.

Салтанат АҚТӘЖИЕВА

Суреттерді түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз