Атыраулық ғашықтар Әнел мен Марленді үлкен сынақ күтіп тұр

index 1 Қоғам

Ауыр дертке шалдығып, жеті жыл қатарынан аурухана төсегінде таңылып жатқан құлсарылық Әнел Мұратова мен сүйіктісі Марлен Нұрғасеновтың таңғажайып хикаясы туралы естімеген жан жоқ шығар. Қозы мен Баян атанған қос ғашықтың махаббаты тағдырдың салған түрлі сынақтарын жеңіп, қиындықтардан мойымай өтіп келеді. Бұл екі жасты тағы да үлкен сынақ күтіп тұр. Бүгін болатын отасы жайлы Әнел кеше ғана өзінің инстаграм парақшасына жазып, көпшілік халықтан дұға тілеуін сұрады.

index

«Қайырлы кеш, достар! Қалайсыздар? Маған ертең операция жасалады. Аллаға алғысым шексіз. Қиын күнде жанымнан табылған достарыма рахмет. Әлі-ақ барлық қиындықтан қол ұстасып өтеміз, жаным»,  – деп Марленге деген шексіз махаббатын да жеткізіп үлгерді.

Әнел бұған дейін өзіне ота жасалатынын айтқан еді. 4 күн бұрын ауруханаға түскен бойжеткен анализ қорытындыларын қолына алып, бүгінгі сынаққа дайындалып жатқанын жазды.

Желі қолданушылары еміне шипа тілеп, отаның ойдағыдай өтуіне тілеулес екендіктерін жазды.

Хорлан Смадияр

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз