6a00e533 5f61 4659 b98f 157035688e64

Мүмкіндігі мол «Мөлдір көз»

Қоғам

Қаламыздағы әлеуметтік, тұрмыстық жағдайы төмен ұйым мүшелеріне көмек беру мақсатында 2015 жылы құрылған «Мөлдір көз» зағиптар қоғамдық бірлестігі «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыруға белсене атсалысуда.

Аталған қоғамдық бірлестік зағип жандардың компьютерлік сауаттылығын арттыру бағытындағы жұмыстарды қолға алып отыр. Жоба аясында зағип жандар ақысыз оқытылады. Негізгі мақсат – оларға компьютерде мәтін теруді, ұялы телефонмен жұмыс істеуді үйрету.

«Жоба аяқталған соң қатысушыларға арнайы сертификат тапсырылады. Екі айға созылған оқыту курсында 70-ке жуық зағипты оқыту жоспарланған, оның 29-ы бірінші кезеңде оқытылды. Олар қазіргі заманға сай технологиялардың «тілін» үйреніп шығады», – дейді «Мөлдір көз» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жолдас Ғұмаров.

Технологияларды ойлап табу арқылы адамзат өз тіршілігін жеңілдетуде. Есесіне уақыт үнемделіп, сана сезімнің өсуіне мүмкіндік жасалады. Осы орайда, бұл жоба мүмкіндігі шектеулі жандарға үлкен мүмкіндік бермек.

Айта кетейік, «Мөлдір көз» қоғамдық бірлестігінің жанынан ашылған «жартылай фабрикат-талған  өнімдер»  цехы  бар,және онда зағиптар қызмет атқарады. Цехта  манты, самса, тұшпара,  чебуреки,   бәліш,   тефтели,   ашытқы қамыр және қатпарлы қамыр, котлет секілді жартылай фабрикатталған өнімдер бүгінгі  күнге  дейін  жұмысын тоқтатпай  жүйелі  түрде  жылжып  келеді.  Қазіргі  таңда  «жартылай  фабрикатталған өнімдер» цехында 20 маман тұрақты жұмыс жасайды. Олардың ішінде 6-уы – 1-ші топ мүгедегі, 14-і – жалғыз басты аналар.

«Алдағы уақытта қоғамдық қордың жұмысын жүйелі түрде жүргізіп ,ауқымын кеңейтіп, қоғамдағы әлжуаз топтарға арналған тағы жобалар ұсынып,жұмыспен қамтығым келеді», – деді басшысы Жолдас Ғұмаров.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған