«Атырау» – қауіпті аймақта
Футболдан Премьер-Лига командалары арасында ел біріншілігінің кешегі өткен кезекті турында күтпеген нәтижелер тіркелді.
Топ басында келе жатқан «Астана» Қызылорданың «Қайсарын» қабылдап, тоқсан минут бойы жеңімпазды анықтай алмай, тең тарқасты. Ал, чемпиондықтан үміткер Алматының «Қайраты» өз алаңында Оралдың «Ақжайық» командасынан 0:1 есебімен жеңілуге мәжбүр болды.
Қарағандыға қонаққа барған «Атырау» футболшылары «Шахтерден» 2:1 есебімен жеңіліп, турнир кестесіндегі жағдайын қиындатып жіберді. Қалған кездесулердің нәтижелері төмендегідей: «Тобыл» –«Жетісу» — 2:2, «Ертіс» – «Қызыл-Жар СК» – 0:1, «Ордабасы» – «Ақтөбе» — 0:0.
Біріншіліктің көшін 24 ойыннан кейін 58 ұпай жинаған астаналықтар бастап келеді. «Қайраттың» еншісінде 54 ұпай.
«Атырау» кезекті ойынын 22 қыркүйекте өз алаңында «Қызыл-Жар СК» командасымен өткізеді.
Бақытжан ЖҰМАТ.