Жиырма жыл бойы үйінде қоқыс сақтаған атыраулық әйелдің үйінен 30 тонна қалдық шығарылды

2019 06 18 news full1560849840de5c9c126c1086e4cbfbb4f767aaee82 Жаңалықтар

Атыраулық тұрғын пәтерінде 20 жыл бойы қоқыс сақтап келген. Коммуналдық қызметтер оның пәтерінен 30 тонна қоқыс шығарды.

Бұл туралы Atr.kz-ге Атырау қалалық әкімдігінің баспасөз- қызметі хабарлады.

Әйелдің көршілері Атырау облысының әкімдігінің Tеlegram-арнасында пәтерлерінде егеуқұйрық қаптап кеткенін жазып, шағымданған.

Тұрғындардың сөзінше, әйел пәтерінде 20 жыл бойы қоқыс сақтаған. Жалғыз тұратын әйел еш жерде жұмыс істемейді, табысы жоқ.

2019 06 18 101850619300

Екі жыл бұрын көршілері өз пәтерлерінен үлкен егеуқұйрықтарды байқаған. Артынша зиянкестердің 60 жастағы әйел тұратын пәтерден шығып жатқаны анықталыпты.

«Пәтерде екі бөлме бар. Олар қоқысқа толы. Ол жақын жердегі қоқыс жәшігінен үйіне түрлі қалдықтарды, қоқысты тасиды. Жиырма жылдың ішінде қалдықтар шіри бастады. Пәтерде егеуқұйрықтар өріп жүр. Біздің пәтерімізге де кіріп алып, балаларды шошытады», — дейді тұрғындардың бірі Александра Пак.

Шағым түскен күні Атырау әкімінің тапсырмасы бойынша жұмыс комиссиясы құрылып, оны әкімнің орынбасары Жұмабек Қаражанов басқарған. Жұмыс тобының мүшелері пәтерге барып, жағдаймен танысты.

«1959 жылғы Н. есімді азаматшаның жеке куәлігі жоқ болып шықты. Тек кеңестік үлгідегі құжаты бар. Жасына байланысты зейнетақы алмайды екен. Жұмыс тобының жетекшісінің тапсырмасы бойынша жергілікті полиция қызметкерлері әйелді қиын жағдайда қалған тұлғаларды әлеуметтік бейімдеу орталығына орналастырды. Ол жерде мамандар тиісті медициналық және психологиялық көмек көрсетіп, қажетті құжаттарын қалпына келтіріп, зейнетақысын рәсімдеумен айналысады. Артынша ол үйіне қайтып бара алады», — дейді қалалық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басқарушысы Нұрлы Хабиева.

«Спецавтобаз» ЖШС-ның 10 қызметкері екі күннің көлемінде егде жастағы әйелдің пәтерін тазалаумен айналысты. Нәтижесінде жұмысшылар 30 тоннадан аса қоқысты үш КамАЗ көлігімен шығарды.

2019 06 18 news full1560849840b26619c3e0fe0ff06537b482b4b37d97
2019 06 18 news full1560849840bdd860ff71e09bbe0b8887b59beaba0e
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз