Жарнама
Қоғам

АТА-АНАЛАР ҚАПЕРІНЕ!

Мүгедек балаларын үйінде оқытатын және тәрбиелейтін отбасыларына материалдық көмек Атырау облыстық білім беру басқармасы жанындағы ведомствоаралық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялық комиссияның (ПМПКК-ның) баланы үйде тәрбиелеу мен оқытудың қажеттігі туралы шығарған қорытындысы негізінде тағайындалады. Материалдық көмек үйде тәрбиеленетін және оқытатын мүгедек балалардың ата-аналарының бірінің не олардың орнындағы қамқорлыққа алған адамның арызы бойынша, арыз берілген айдан бастап, мүгедек баланың үйде тәрбиеленуі және оқытылуы қажет делінген ПМПКК-ның қорытындысы негізінде, бірақ баланың мүгедек деп танылған мерзімінен аспайтын кезеңге тағайындалады.
Төлемақыны тағайындауға төмендегі қажетті құжаттарын арызданушы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің әлеуметтік төлем секторына (мекен-жайымыз: Шәріпов көшесі, №4а үй, байланыс телефоны 45-04-71) тапсыруы тиіс:
— өтініш беруші мен мүгедек баланың тұрағы туралы анықтама;
— мүгедек баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі (мүгедек балаларды қамқорлаушы ретінде өтініш беруші, қамқорлаушы санатын белгілеген органның шешімінің көшірмесін тапсырады);
— Атырау облыстық білім беру басқармасы жанындағы ведомствоаралық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялық комиссияның мүгедек баланың үйде тәрбиеленуі (3-6 жастағыларға) немесе оқытылуы (7-16 жасқа дейінгі) қажеттігін дәлелдейтін анықтама;
— Мүгедектігі туралы медициналық-әлеуметтік сараптау комиссиясының анықтамасынан көшірме (МӘСК).
Арыз бес күн ішінде қаралып, материалдық көмек тағайындалуы немесе одан бас тарту туралы шешім қабылданады. Материалдық көмек тағайындалмаған жағдайда оның себебін көрсеткен шешімді қосып қабылданған құжаттар кері қайтарылады. Тағайындалған материалдық көмекті төлеу мүгедек балалардың ПМПКК анықтаған қайталап өту мерзіміне дейін жүргізіледі. Егер ПМПКК мүгедек баланы үйде тәрбиелеуді (3-6 жастағылар үшін) немесе оқытуды (7-16 жасқа дейінгі балаларға) одан әрі қажет деп тапса, материалдық көмекті төлеу ПМПКК берген анықтаманың қайталап тапсырылған айынан жалғастырылады. Материалдық көмекті алуды тоқтатуға себеп болатын жағдайлар туралы алушы 15 күн ішінде тиісті жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдарына хабарлауға міндетті.

Райхан САЛАМАТОВА,
Атырау қалалық жұмыспен қамту және
 әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің сектор меңгерушісі.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button