Діни педагогика оны кім, қалай түсініп жүр?

Исламды зерттеп жүрген ғалым-сарапшылар Қазақстандағы діндар жамағаттың ағымдарға бөліну себептерін, алдымен, әлеуметтік факторлармен байланыстырады. Себебі, тұрмыс-тіршілігі нашар адамдардың күпті көңілін өз мақсатына пайдалануға ұмтылған радикалдар Құранды бұрмалау арқылы, оларға «тығырықтан шығар жолды» көрсеткен болады.

Өкініштісі, дін мен экстремизмнің, лаңкестіктің ара қатынасын әлі түсіне алмай жатырмыз. Көптеген студенттер «ата-аналарымыз бізге мешітке баруға тыйым салады», «намаз оқуға рұқсат бермейді», «ерекше бір киім кигенімізді де қолдамайды» дейді. Мұның өзі «дін» атты нәзік дүниені сыртқы көріністермен өлшеудің басым екендігін, дініміз тілімізде болғанымен, ділімізге сіңбей жатқандығын да көрсетеді.

Десе де, діни педагогикадан  жақсы хабары бар жастарымыз да көп. «Этнопедагогика» пәні бойынша ІІ курс студенттері «Мен қазақ қызымын /немесе жігітімін/, жаһандану үдерісінде қандай болуым керек?» деген тақырыпта микропедагогикалық шығарма жазған болатын. Әсіресе, шет тілі мамандығының студенттері Жанаргүл Масқарбаева мен Назерке Жақсыбаева /бұл студенттер қазіргі кезде IV курста оқиды/ діни білімі мен тәрбиесін  белгілі бір дәрежеде қалыптастыра білгендігін көрсетті. Бұл тұрғыдан алғанда, Батыс Еуропаның діни педагогикасына, дінтану пәнін, діни мәдениетін зерделеуге, тәжірибесіне ерекше мән беру қажет деп білеміз. Себебі, зайырлы мемлекеттерде біраз тәжірибе жинақталған және мақсатты түрде жастарға діни білім, діни тәрбие беру жолға қойылған.

 

(Толық нұсқасын газеттен оқи аласыздар).

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз