Жарнама
Қоғам

ӘНУАР БРАЗИЛИЯДА БАҚ СЫНАЙДЫ

Бұл туралы Еуропа футбол апталығы аясында Атырауда өткен мүгедек жандар арасында кіші аяқдобынан республикалық турнирде облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысы Нұржан Ермұханов қуана хабарлады.

Дзюдо күресінен Кореяның Сеул қаласында өткен дүниежүзілік ойындарда жерлесіміз жеңіске жеткен болатын. Бұл – облыстың төрткүл дүние көз тігетін байрақты бәсекеге алған алғашқы жолдамасы. Сондай-ақ, отырып ойнау волейболы мен арбада билеуден лицензия алуға үлкен үміт барлығы белгілі болды.

Ал, «Спешиал Олимпикс» ұйымдастырған кіші аяқдоптан республикалық турнирде атыраулықтармен қоса, Ақтөбе, Ақтау, Тараз және тағы басқа қалалардан командалар қатысты. Екі кезеңнен өткен турнирде жеңіліс тапқан командалар болған жоқ, барлығы жүлдегер ретінде танылды. Соның ішінде, Атырау облысының намысын қорғаған С.Қазыбаев атындағы балалар үйі мен Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектеп командасы үздік ойын өрнегін көрсетті.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button