Аяқ-қолы қозғалыссыз қалған Александр Чечинге қоларбаға қаражат жинасақ… (+ВИДЕО, +ФОТО)

IMG 20190131 WA0016 Жаңалықтар

Атыраулықтар еріктілер аяқ-қолы қозғалыссыз қалған Александр Чечинге электронды қоларба алып беру үшін жылу жинап жатыр.

https://www.youtube.com/watch?v=c2E_oO1w9Z0

Небары отыз жастағы Александр қиын жағдайға осыдан он екі жыл бұрын тап болған.  Мойын омыртқасынан ауыр зақым алған жігіт 2006 жылдан бері арбаға таңылып келеді.

Осы уақытқа дейін Александрдың «аяғы мен қолы» болып келген анасы кенеттен дүниеден озды. Қаза кейіпкерімізге оңай тиіп отырған жоқ. «Ауылдастарын ауыр жағдайда жалғыз қалдырмай отырған махамбеттіктерге ризамыз. Ауылдастары әркез Александрға жәрдемдесіп келеді. Қазіргі кезде оны жергілікті тұрғын Оксана бағып-қағып отыр. Александрдың аяқ-қолы мүлде қозғалмайды. Ара-кідік саусақтары ғана сәл қимылдайды. Сол себепті жерлестері Александрға құлаққап (наушник) кигізіп қойған. Телефонға қоңырау келген кезде Александр наушник тетігін тістеп жауап береді. Осындай ауыр жағдайда отырған бауырымызға электронды қоларба алып берсек, қозғалысы сәл де болса жеңілдер еді» дейді атыраулық еріктілердің жетекшісі Болатбек Қоңырбаев.

IMG 20190131 WA0017
Суретте – Александр Чечин

 Махамбеттіктер қолданыста болған электронды қоларбаны Астана қаласынан тауып отыр. Бағасы 600 мың теңге.  Қазіргі кезде бұл қаржының жартысын Маxамбет ауданының xалқы садақа беріп, жарыс, ән кешін ұйымдастырып жинап та қойды. «Ендігі жартысын сіз бен біз болып жинап берсек екен. Бауырымыздың өміріндегі ең үлкен арманына қолының жетуіне өз үлесімізді қосайық» деп аяқтады бізбен сөзін атыраулық еріктілердің жетекшісі Болатбек Қоңырбаев.

Ерекше  айта кетерлігі, ұлтының басқа болғанына қарамастан, қазіргі таңда Александр ислам дінін қабылдаған. Махамбеттің жергілікті жігіттері оны мешітке жиі апарып та тұрады екен. Исламды қабылдаған кезде имам оған Әбдіраxман деген есімді азан шақырып берген.  

IMG 20190131 WA0007

Сауапты істен тыс қалмай, бір мұңлықтың тілегін орындауға атсалысайық ағайын!

Баян ЖАНҰЗАҚОВА.

Қосымша сұрақтар бойынша:

Ұялы телефон: 8702   444   30 87

 Каспий голд:   5169   4931   0783   3314

Инстаграмм: @bolat_konyrbayev

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз