Су айдынындағы сергелдең

1536834866 news b Қоғам

Әлеуметтік желілерде Атырау қаласы маңындағы Бесікті ауылында, Махамбет пен Құрманғазы аудандарында уылдырық шашуға шыққан балықтардың өлу фактілері түсірілген бейнероликтер жарияланды. Осы мәселеге орай тиісті құзырлы орын басшылары мәлімдеме жасады.

– Биылғы 2-3 мамыр күндері Атырау қаласы Бесікті елді мекенінің маңында Жайық өзенінен жайылымға өр сулары шығуына орай, көктемгі уылдырық шашуға кірген қаракөз балықтарының тайы з д а п қ а л ғ а н ж е р л е р г е шығу фактілері анықталды. Осы ретте Атырау қалалық әкімдігі, облыстық балық шаруашылығы басқармасы мен Балық шаруашылығы комитетінің Жайық-Каспий о бл ы с а р а л ы қ б а с с е й н д і к балық шаруашылығы инспекциясы, сондай-ақ, жастар мен еріктілердің белсенді қ ат ы с у ы м е н б а л ы қ т а р д ы құтқару жұмыстары жүргізілді, – д е д і о б л ы с т ы ң б а л ы қ шаруашылығы басқармасының басшысы Артур Сәдібекұлы. Бүгінде «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Заңына сәйкес, «Құрманғазы» және «Інжу маржан» ЖШС-тері арқылы қырылу қаупі бар су айдындарында мелиорациялық аулау-жаппай аулау ұйымдастырылды. Ал 8, 9,10-мамыр күндері Махамбет ауданы, Ақтоғай ауылы тұсындағы «Бақсай» су айдынында осындай балық өлу фактісі анықталған. Құтқару жұмыстарының нәтижесінде 8,1 тн. балық өзенге қайта жіберіліп, 4,6 тн. өлі балық санитарлық талаптарға сай көмілген. Ауданда осындай оқиғалардың алдын-алу мақсатында «Тілекші» ЖШС арқылы жаппай аулау жүзеге асырылып жатыр. Сонымен қатар Құрманғазы ауданында 9-10 мамыр күндері Құрманғазы ау ы л ы н а н 2 0 ш а қ ы р ы м қашықтықта орналасқан Шарон өзегіне қосылатын каналдан өлі балықтар табылған. Балық шаруашылығы комитетінің Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы мен «Каспий Таңы» өндірістік кооперативі және «Павлодар өзен порты» ЖШС арқылы өлген 700 кило балық жиналып алынды. Бүгінде қала және аудандар әкімдіктерінің мәліметіне сәйкес балық қырылу қаупі бар 52 су айдыны, атап айтқанда Құрманғазы ауданында 27, Исатай ауданында 4, Махамбет ауданында 11, Индер ауданында 7 және Жылыой ауданында 3 айдын бар. Осы аумақтардағы каналдар тазаланып, балықтың еркін өтуіне жағдай жасалып жатыр. Биыл 30 наурыз күні өткен жиында өңір басшысы Махамбет Досмұхамбетов құқық қорғау органдарының басшыларына броконьерлікке қарсы күрес жұмыстарын күшейтуді, қала және аудан әкімдеріне балық қырылу фактілерінің алдын алу және балық өлімі болған жағдайда тазалау жұмыстарын жүргізуді тапсырған. Алайда араға бір ай салып 11 тоннадан астам қаракөз балығы қырылып қалған. Тапсырма берілсе де осындай көлемде шығынға ұшырау сала мамандарының салғырттығы емес пе? Брифинг барысында Махамбет ауданы әкімінің орынбасары Зұлқарнай Мұқаш ауданда ихтилог мамандардың жоқтығын алға тартты. Жайықты жағалай орналасқан өңірде осы мәселенің бүгінге дейін шешімін таппағаны қалай? – Өткенге көз жүгіртсек 1994 жылы Жайыққа көп су келген. Сол кезде аудандағы 28 көлдің арнасы толды. Соңғы жылдары 2017 жылы мол су келіп, 11 көл, өткен жылы тек 5 көлге ғана су құйылған. Махамбет ауданы тұсындағы су деңгейі 2017 жылы 752 см., биыл 565 см.-ді көрсетіп отыр. Бұл фактілерден жылдан-жылға су деңгейі мен көлдердің де азайғанын аңғаруға болады. Жыл сайын еріктілердің жұмылуымен көлге су құятын ауыздар түрлі қалдықтар мен ағаштардан тазартылып отырады, – деді Махамбет ауданы әкімінің орынбасары Зұлқарнай Жаңабайұлы. М а м а н д а р б а л ы қ т ы ң қырылу себебі судың таяздығы мен күннің күрт ысуынан деп болжам жасап отыр. Яғни, оттегі жетіспеушілігінен уақ ба лықт ар қырылған. Осы оқиғадан кейін Табиғат қорғау прокуратурасының келісімімен торлар салынып, қауіпті саналатын су айдындары бақылауға алынған.

Салтанат АҚТӘЖИЕВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз