«Алғыс айту – парызым»

d8815796 638f 46fe 8e4a 9899873d4f89 Қоғам

Елімізде 1 наурыз – «Алғыс айту күні» 2016 жылдан бері мереке ретінде аталып келеді. Осы орайда Ғ.Сланов атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасында «Алғыс айту – парызым» атты әдеби- сазды кеш ұйымдастырылды, деп хабарлайды atr.kz тілшісі.

3624375b 7a09 4e8d 95ea a54143634ffb


Шарада Атырау қаласындағы «Татулық» татар-башқұрт этномәдени
бірлестігінің мүшелері және «Ынтымақ» өзбек этномәдени бірлестігінің
басшысы Кулметов Адхам Ергешбаевич сөз алып, бүгінгі мереке күні
қазақ халқына деген жылы лебіздерін айтып, жүрек жарды алғыстарын
білдірді.

24dde58f 3d71 43ef b61a c6fa1b0c18a5

Ұлт өкілдері де шара барысында өз өнерлерін де ортаға салды.
1 наурыз Алғыс айту күні – күрделі заманды иық тіресе бірге еңсеріп,
қысқа мерзім ішінде Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен
еліміздің барлық азаматтарының бір-біріне құрмет білдіретін күні.
Кітапхана басшысы Сара Салахединқызы тәуелсіздігіміз тұғырлы,
достығымыз берік болсын деген тілек білдіріп, аталмыш бірлестіктерге ұжым
атынан алғыс хат пен естелік сыйлықтарын тарту етті.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз