Жалақысы жоғары жұмысқа тұрғызамын: 14 адамды алдаған атыраулық қамауға алынды

f357d4e1 45d7 42bc 8e5c d4c97b88efe8 Қоғам

1988 ж.т., Атырау қаласының тұрғыны достарының таныстарына жалақысы жоғары жұмысқа тұрғызып беремін, сыйақысын ақшалай бересің деп әр түрлі мөлшерде қаражаттарын алып қалтасына басып, кері қайтармаған.

  • Оның арбауына алданған 14 жәбірленушінің 4-уі Атырау облысының тұрғындары, оларға келтірілген шығын көлемі – 450 мың теңге. Ал, қалған 10 жәбірленуші өзге облыстардың тұрғындары. Қазіргі уақытта оларға келтірілген шығын құны есептеліп, ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3 бөлігімен тергеу амалдары жүргізілуде. 1988 ж.т., күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды – деді, Атырау облысы полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев.

Атырау облысы полиция департаменті алаяқтардың арбауынан сақ болуды ескертеді!
Көп жағдайда, алаяқтар қарт кісілерді, қаржылық көмекке мұқтаж азаматтарды таңдап, оларға баспана алуға көмектесемін, аз пайыздық мөлшермен несие алып беремін деген желеумен алдайды! Сондықтан, қаражатыңыз бен бағалы заттарыңызға, жеке құжаттарыңыз бен банк карталарының сақталуына жауапкершілікпен қараңыз!

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз