Жарнама
Қоғам

«ӘКЕМ, АНАМ ЖӘНЕ МЕН»

Балалардың дене бітімінің сұлулығын қалыптастырып, қимыл-қозғалыс қабілеттерін дамыту, оларды жылдамдыққа, шапшаңдыққа үйретуге бағытталған шараға балалар мен ата-аналар зор қызығушылықпен қатысты. «Тәлімді тәрбие отбасынан бастау алса, дені сау ұрпақ — ұлт болашағы» деген қағиданы басшылыққа алған отбасылар спорттық ойындардың бәрінде де ептіліктерімен көзге түсті.
Қорытындысында, «Күн» тобы болып шыққан Ғұмар отбасы бас жүлдені иеленсе, кейінгі орыннан «Жұлдыз» тобы атанған Нышан отбасы көрінді. Отбасында тәлімді тәрбие, өнеге көріп өскен бала болашақта жақсы жетістіктерге жетіп, биік белестерге көтеріле алады.

Қарлығаш МҰФТАҚОВА,
балабақшаның әдіскері.
Атырау қаласы.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button