ЖАРИЯЛЫЛЫҚ ҚАЛЫПТАСА БАСТАДЫ

Мемлекет басшысының «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында қойылған міндеттерді жүзеге асыру Атырау облысы қаржы басқармасы жұмысының басты мақсаты болып табылады. Қаржы жайында әңгіме қозғалғанда, сыбайлас жемқорлық туралы айтылатыны белгілі. Бұл ретте басқарма қоғамның жегіқұртымен күрес бағытында айтарлықтай іс тындырды.

Үстіміздегі жылдың әр тоқсанының қорытындысымен Қаржы басқармасы бюджет қаражаттарының жұмсалуы мен қолданылуының айқындылығын қамтамасыз ету, жемқорлық белгілерінің алдын алып отыру мақсатында алқа мәжілістері мен апта сайын тұрақты түрде кеңестер өткізді. Халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы азаматтарды қабылдау кестесі, «Сенім телефоны» жөнінде хабарламалар жарияланып отырды.

Сыбайлас жемқорлық көріністерін шектеуге және мемлекеттік қызметшілердің этикасының сақталуына бағытталған іс-шаралар жоспары жасақталып, Қаржы басқармасының Веб-сайтына бюджеттің игерілуі туралы ақпараттары ай сайын орналастырылды.
Сондай-ақ, қызметкерлер өз өкілеттілігін орындау кезеңінде жыл сайын салық заңында белгіленген тәртіппен өзінің және жұбайының меншігіндегі мүлік пен табысы туралы салық органына мәлімдеме табыс етіп отырды.
«Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының «Өзіңнен баста!» акциясына байланысты басқарма бастығы мен оның орынбасарларының табысы мен дүние-мүлкі туралы мәліметтері облыстық басылымдарда жарияланды.
Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бұйрығымен «Жеке және заңды тұлғалардың» өтініштерін есепке алу «Айқын» жобасы арқылы жүзеге асырылуда.
Басқарма қызметкерлеріне құқықтық оқыту жүргізуде биылғы жоспары бекітіліп, заңнамалық актілерге енгізілген өзгерістер бойынша құқықтық түсіндірулер жүргізілді.
Азаматтардан түскен арыз–шағымдар дер кезінде қаралып отыр, ол үшін басқармада арнайы жәшік орнатылған. Оны бекітілген комиссия ашып қарайды.
Басқарма қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлық фактілері анықталған жоқ. Алға қарай да мамандар жұмыстарын ашық әрі жариялы түрде жалғастыра түспек.

Б. ЖЫЛҚЫБАЕВ,
облыстық қаржы
басқармасының басшысы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз