Атырау аграрлы-техникалық колледжіне Оңайбай Көшековтің есімі берілуі мүмкін

13246220 1004396972929075 4761130580088222703 o Жаңалықтар

Бұл ұсынысты облыстық мәслихаттың кезектен тыс ХХІІІ сессиясында ҚР Үкіметінің жанындағы республикалық ономастикалық комиссиясының қарауына депутаттар енгізді. Атырау аграрлытехникалық колледжіне көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Оңайбай Көшековтің есімі берілуі мүмкін.

13246220_1004396972929075_4761130580088222703_o

Депутаттар Ұлы Отан соғысына қатысып, елге оралған соң Гурьев ауыл шаруашылығы техникумын, кейін Алматы жоғары партия мектебін бітірген Оңайбай Көшекұлы еселі еңбегімен, адами асыл қасиеттерімен соңында өшпестей айқын із қалдырғандығын атап өтті. Ұзақ жыл облысымызды басқарып, аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына лайықты үлес қосқан қайраткердің еңбегі лайықты бағаланды. Ол Ленин, үш мәрте «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет белгісі» және «Құрмет» ордендерімен марапатталған болатын.

Сессияда облыс әкімдігі жанындағы халық денсаулығын қорғау жөніндегі үйлестіру кеңесінің құрамын бекіту туралы, сондай-ақ, облыс бойынша «қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы» шешімін жою туралы шешімдер қабылданды.

Сессия жұмысына қатысқан облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Шәпкенов мәслихат депутаттарына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Астананың 20 жылдығына байланысты қазыналы өңір халқының ел экономикасың өсіп-өркендеуіне қосып отырған зор үлесіне ризашылық көңілі мен алғыс айтқан хабарын жеткізді.

Өз тілшіміз.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз