Жарнама
Қоғам

4 МЫҢ МАЙДАНГЕРДЕН ТӨРТЕУІ ҒАНА ҚАЛДЫ

Село орталығындағы «Соғыстан оралмағандар», «Белгісіз солдат» мемориалдарына және жерлесіміз, Даңқ орденінің толық кавалері, қазақтың батыр ұлы Ш.Еркіновтің ескерткішіне гүл шоқтары қойылып, ерлердің рухына тағзым етілді. Бір минут үнсіздік орнап, боздақтар есімдері еске түсірілді.
Бүгінде Қызылқоға өңірінде қарт жауынгерлердің қатары сиреп қалған. Сағыз ауылдық округінде — үш, Көздіғара ауылдық округінде бір Ұлы Отан соғысына қатынасқан майдангер бар.
Миялы селосындағы орталық саябақта Ұлы Отан соғысынан оралмаған боздақтарға арналған гранит тасқа 1474 жауынгердің есімдері ойылып жазылған ескерткіш бар. Ауданымыздан Ұлы Отан соғысына 4512 адам қатынасқан. 910 жауынгерден қаралы қағаз келген. 2128 жауынгер майдан даласынан елге аман оралған. Бейбіт еңбекке араласып, кейіннен өмірден озған ардагерлерге арналып ескерткіш тақта ашылды. Бүгінде аудан көлемінде 2 752 тыл және еңбек ардагері бар.
Мерекеге орай Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің отбасыларына қайырымдылық акциялары ұйымдастырылды.

Мағрупа БАҚЫТЖАНҚЫЗЫ,
Қызылқоға ауданы.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button