Жайыққа шомыламын деп батып кетті…

krasnoyartsyipoplesk Қоғам

Кеше, 8 тамыз күні сағат 17.42-ден бастап Махамбет ауданы Талдыкөл ауылынан 5 шақырым жерде, Жайық өзенінде Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің күшімен 1977 жылы туған ер адамды іздестіру жұмыстары жүргізілді. Ол сағат 16.00-ге шамасында суға шомылуға жабдықталмаған жерде суға батып кетті. Сағат 18.35-те сүңгуірлер денені тауып, судан шығарды. Полиция қызметкерлеріне тапсырылды.

Атырау облысының ТЖД азаматтардан судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды, жабдықталмаған жерлерде шомылмауды сұрайды!

«Атырау облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз