Жарнама
Қоғам

2500 шаршы метр аумақ отқа оранды…

«Ақ жайық» мемлекеттік табиғи резерватының Тасқала-Кеңөзек аумағында дала өртін сөндіру бойынша тактикалық жаттығу өтті.

Жоспар бойынша жалпы ауданы 2500 шаршы метр қамыс өртенді. Атырау қалалық гарнизоны өрт сөндіру бөлімдерінен 40 қызметкер мен 7 техника қатысты. Сондай-ақ, өртті сөндіруге «Семсер — Өрт сөндіруші» ЖШС, «Апаттар медицина орталығы» ММ, Атырау қаласының Дамбы, Еркінкала, Кеңөзек, Қайыршакты, Ақсай, Алмалы селолык округінің ерікті өрт сөндіру жасақтары, барлығы 50 адам мен 12 техника тартылды.

Мамандар оқу-жаттығуға оң бағаларын берді.

Атырау облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ Қоғаммен байланыс тобының көмегімен дайындалды

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button