Ақсайда спорт кешені пайдалануға берілді

IMG 1882 29 08 17 12 20 Жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне орай Атырау қаласына қарасты Ақсай ауылдық округінде жаңадан бой көтерген спорт кешені салтанатты түрде пайдалануға берілді.

IMG_1882-29-08-17-12-20

Нысанның ашылу салтанатында сөз сөйлеген ауыл әкімінің міндетін атқарушы Боранбай Тұрмұxан, Астана қаласынан арнайы келген «ҚазМұнайГаз. Барлау-Өндіру» АҚ-ның өкілі Бақыт Иманғалиев, Ақсай ауылы ардагерлер кеңесінің төрағасы Қуанышкерей Сәмешұлы және «Жұма-Сан» ЖШС директоры Қожағали Ғабдолов барша ақсайлық тұрғындарды мерейлі мерекемен құттықтап, заманауи үлгідегі спорт кешенінің ел игілігі үшін жұмыс істеуіне тілектес екенін жеткізді.

IMG_1899-29-08-17-12-20

– 2011 жылы құрылысы салынып басталып, біраз жыл тұрып қалған нысанның былтыр ғана құрылысы қарқынды түрде жүргізілді. Соның нәтижесі, бір жылда кешеннің іші-сырты толықтай бітіп, пайдалануға беріліп отыр» – дейді Ақсай ауылдық округі әкімдігі аппаратының бас маманы Райxан Бейсенова.

IMG_1890-29-08-17-12-20

Мұнда кикбокс, қазақ күресі, дзюдо, еркін күрес, таэквондо, үстел теннисі, алдағы уақытта жеңіл атлетика, грек-рим күресі, велоспорт түрлері бойынша 400 жас жаттықпақ. Спорт кешенінде Ақжар, Ақсай, Бесікті, Талғайраң елдімекендерінің жастары келіп жаттығатын болады, – деп атап өтті №4 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Рүстем Қисметов бізбен әңгімесінде.

IMG_1888-29-08-17-12-20

Ресми түрде пайдалануға берілген жаңа спорт кешенінде салтанатты ашылуынан кейін алғашқы жаттығулар да басталып кетті.

Нұргүл ЫСМАҒҰЛОВА.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз