Жарнама
Қоғам

АТЫРАУДА ТЕГІН ТӘТТІЛЕР ТАРАТЫЛАДЫ ДЕГЕН АҚПАРАТ ТАРАДЫ…

Жалған ақпарат: 1 маусымда Исатай-Махамбет алаңында барлығы да балар үшін тегін.

WhatsApp әлеуметтік желісінде «1-маусымда Исатай-Махамбет алаңында концерт болады. Барлығы да балар үшін тегін. Балмұздақ, попкорн, мақта, кәмпит сияқты тәттілер сататындарға әкімдіктен ақша бөлініп, сағат 9-11 аралығында тегін таратылайын деп жатыр. Сонымен қатар ойын құралдары бойынша да балалар тегін ойнатылады. Бір сөзбен айтқанда ертегілер әлемі сынды қызықты іс-шара болады» деген аудожазба тарауда.

Бұл ақпаратты облыстық Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының міндетін атқарушы Мира Дәулетбаева жоққа шығарды, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.

  • — Бізде басқарманың ұйымдастыруымен Құрманғазы мәдениет сарайында сағат 15.00-де «Дарын» ер балалар қорының концерті өтеді. Сол күні осы сағатта Ш.Сариев атындағы өнер музейінде көрме өтеді деп жоспарлануда. Сондай-ақ сағат 12.00-де Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрында «Алладин» ертегісі қойылымы болады. Одан кейін театр алдында концерттік бағдарлама бар. Басқарма тарапынан басқа іс-шаралар жоспарланған жоқ. Сондықтан, бұл ақпарат жалған, деді М.Дәулетбаева.

Сонымен қатар, Атырау қалалық әкімдігінің баспасөз хатшысы Нұрислам Ғұмар мұндай ақпарат шындыққа жанаспайтынын жеткізді.

Сондай-ақ оның берген мәліметінше, балалар күніне арналған іс-шаралар төмендегідей:

  1. Сағат 09.30-да Атырау облыстық жастар шығармашылық орталығында «Біз бақытты балалар, өнер сүйген» облыстық балалар ән фестивалі;
  2. Сағат 11.00 «Ретро» саябағында, сағат 18.00-де «Керемет» саябағында «Сазды керуен» қайырымдылық концерттік бағдарламасы;
  3. Сағат 15.00-де «Жастар» саябағында «Әсем әлем» қайырымдылық көрмесі;
  4. Сағат 19.00 Бейбарыс алаңында «Біз бақытты баламыз» балаларға арналған ойын-сауық бағдарламасы;
  5. Сағат 18.00-де «Ретро» саябағында Қайырымдылық концерттік бағдарламасы;
  6. Сағат 18.00-21.00-де «Жастар» саябағында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған флешмоб;
  7. Сағат 19.00-21.00-де Бейбарыс алаңында балаларға арналған спорттық бұқаралық жарыстар.

Фото: Марина Қуанышева

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button