
Этномәдени бірлестіктің ісі берекелі
Облыстағы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Былина» орыс этномәдени бірлестігі мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтіп, оның қоғамдағы рөлін арттыруды мақсат тұтады. Күні кеше «Достық» үйінде этномәдени бірлестіктің ұйымдастыруымен «Атырау – мақтанышым» жобасының қорытынды іс-шарасы өтті.

Аталмыш жобаның үш негізгі бағытының бірі қазақ тілін үйрену үйірмесі жайлы білікті мұғалімдер кеңінен сөз қозғады. Одан әрі «Мы разные, но мы равные» интеллектуалдық викторинасы және этномәдени бірлестің жүйелі жұмысы туралы “Былина” орыс этномәдени бірлестігінің басшысы Андрей Кораблев толығырақ баяндады.
Тағылымды тарихымызды, халқымыздың қаймағы бұзылмаған салт-дәстүрлерін насихаттайтын «Мы одна семья» жобасы бойынша атқарылған істерге де шара аясында шолу жасалды. Белсенді бірлестік мүшелері алғыс хатпен марапатталып, өнерпаздар әннен шашу шашып, би билеп, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Еркеназ ҚАЛИЖАН