Дамбы селосында 27 жасар жігіт суға батып кетті

767011naufrage 849881830767011 Жаңалықтар

Атырау қаласының іргесіндегі Дамбы селосында тағы бір адам суға батып кетті. Қайғылы жағдай 8 қазан күні, сағат 13:35-де орын алған.

767011naufrage-849881830767011

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Жайыққа батып кеткен жігіт 1990 жылы туған жергілікті жердің тұрғыны.

Шұғыл оқиға орнына «Батыс өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағының» қызметкерлері барған. Алайда, сағат 14:31 шамасында жергілікті тұрғындар жігіттің денесін өз күштерімен судан шығарып алып, ағайындарына тапсырыпты.

Қазіргі таңда қаза тапқан жігіттің не себепті су айдынына шыққаны анықталуда.

Айқара Ғұмар

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз