«Еңбек» – ерекше бағдарлама

26yarmarka Жаңалықтар

Atr.kz/8 шілде, 2019 жыл. Мемлекет басшысының он маңызды міндет ретінде белгілеген бағытының бірі – жаңа жұмыс орындарын ашу және халықты лайықты жалақымен қамту. Бұл бағытта жүзеге асырылып жатқан жұмыстар баршылық. Ал, ел Президентінің жаңадан беріп отырған тапсырмасы мәселенің маңыздылығын арттырып, міндет жүгін салмақтай түсті.

ТӨРТІНШІ БАҒЫТ:

Жаңа жұмыс орындарын ашу және халықты лайықты жалақымен қамту

Ұлттық табысты әділ бөлу мәселесі – бұл стратегиялық маңызды дүние. Мемлекеттік бюджеттің қаражатын, ең алдымен, келешегі зор мақсаттарға және жаңа жұмыс орында­рын ашуға бөлу қажет.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢ Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне ресми кірісу рәсімінде сөйлеген сөзінен

***

Осы орайда, биыл облыста нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы аясында 25 200 адамды жұмыспен қамту жоспарланып, бұл мақсатқа 4 127, 6 млн. теңге қаржы бөлінді. Олардың дені бос тұрған жұмыс орында­рына орналастырылады. Сондай-ақ, ақылы қоғамдық жұмыстарға, кәсіптік білім мен қысқа мерзімді оқуға, үк іметт ік және мемлекеттік бағдарламалар аясында қызметке тарты­лады. Жұмыссыз жүрген азаматтардың бір бөлігі әлеуметтік жұмыс орында­рына, «Жастар тәжірибесі» жобасына жұмылдырылады.

Сонымен бірге, «Серпін» бағдарламасы шеңберінде оқумен қамтамасыз ету, «Бастау-Бизнес» жобасы­мен кәсіпкерлік негіздеріне оқыту көзделді. Мұның сыр­тында, 336 адамға шағын не­сие беру және 150 адамның өз ісін ашуына гранттар бөлу қарастырылып отыр.

Осылайша , ал ғ ашқы алты айда аймақта 9 366 адам жұмыспен қамтылды. Биыл облыста 15 420 жаңа жұмыс орнын ашу жоспар­ланса, есепті мерзімде бұл көрсеткіш 9 219-ды құрап, 4 613 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Жыл басынан бері 2 238 адамның қатысуымен 23 рет бос жұмыс орында­ры жәрмеңкесі өткізіліп, нәтижесінде 661 жұмыссыз азамат тұрақты жұмыс тапты.

Ж ұ м ы с п е н қ а м т у орталықтарына хабарласқан 12 мыңнан астам адамның 7 827-сі немесе 65 %-ы жұмысқа орналастырылды. Сонымен бірге, олардың бір тобына қайта даярлау мен біліктілігін арттыру курста­рына, әлеуметтік жұмыс орындарына жолдама берілді. Бастапқы жұмыс тәжірибесі м е н ө т і л і н ж и н а қ т а у мақсатында жоғары және орта кәсіптік оқу орындарын бітірген 403 жас түлек «Жас- тар тәжірибесі» жобасымен жұмысқа жіберілді.

«Еңбек» бағдарламасына жыл сайын өзгерістер енгізіліп, ұдайы жаңартылып отырады. Үкіметтің биылғы 3 1 мамыр д а ғы №3 5 9 қаулысымен аз қамтылған от­басы мүшелеріне, жастарға, мүмкіндігі шектеулі жандарға жаңа бизнес идеяларын іске асыруына қолдау көрсету бағытында 200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде грант бөлінетін болды. Бұған об­лыстан 110 адамды қамту жоспарланды.

Серік ҚАМИДОЛЛА,

облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз