Жарнама
Медицина

«ҮЗДІК МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРІ»

 

Апаттар медицинасы орталығы Атырау облысы бойынша филиалының ұйымдастыруымен аймақта алғаш рет өткізілген конкурсқа аталған департаментке қарасты мекемелердің дәрігерлері мен орта буын медицина қызметкерлері қатысты. Барлығы тоғыз үміткер үш кезең бойынша бақ сынады.

Байқауға қатысушылар таныстыру номинациясында өздері туралы мағлұмат берсе, екінші номинацияда  алғашқы медициналық көмек бойынша тест тапсырмаларын орындады. Сондай-ақ, үшінші номинацияда берілген тапсырма бойынша тәжірибелік дағдыларын көрсетті.

Нәтижесінде «Өрт сөндіру және апатты құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің дәрігері Ақтілеш Нәпиқова «Үздік дәрігер» атанса, Апаттар медициналық орталығының Атырау облысы бойынша филиалына қарасты Доссор күрежолдық медициналық құтқару бекетінің фельдшері «Үздік орта буын медициналық қызметкері» атағын жеңіп алды.

Жеңімпаздар Астана қаласында өтетін республикалық жарысқа жолдама алды. Сондай-ақ, Атырау облысы бойынша төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Марат Құрманов жеңімпаздарға Алғыс хат, естелік сый ретінде микротолқынды пеш және гүл шоқтарын қоса табыс етті.

Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ. 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button